CaspianLife, 25 ақпан. 25 ақпан күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымымен өңір креаторларына Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Кездесудің негізгі мақсаты – жаңа Конституцияның мазмұнын кеңінен түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық белсенділікті дамыту. Атап айтқанда, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейту және халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері көтерілді.
Іс-шараға коалиция мүшелері қатысып, жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістерді жан-жақты түсіндіріп, кітапхана ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жауаптар берді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды.

