CaspianLife, 2 ақпан. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру мәселелері қаралған кеңесте мәлімдеді.
Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңеске Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты. Үкімет басшысы барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын азаматтарға жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
«Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды. Үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді», — делінген хабарламада.

