Конституциялық комиссияның төрағасы болып Конституциялық соттың төрағасы
Эльвира Әзімова тағайындалды.
Төрағаның орынбасарлары:
— Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин,
— Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Комиссияның хатшысы – Президент Әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі Айдар Жарылғанов.
Комиссия құрамына 100-ден астам адам енді. Олардың қатарында:
— Мәжіліс пен Сенат депутаттары,
— өңірлік мәслихаттардың төрағалары,
— әкімдер,
— Конституциялық соттың судьялары,
— Президент Әкімшілігі мен Үкімет өкілдері,
— заңгерлер, саясаттанушылар мен ғалымдар,
— БАҚ басшылары мен журналистер,
— қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері бар.