CaspianLife, 15 қаңтар. Бүгін Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігі жабылуына байланысты өздерінің кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің бағыты өзгергенін мәлімдеді.
Air Astana таратқан ақпаратқа сәйкес, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағытындағы рейстер Иранның әуе кеңістігін айналып өту арқылы жүзеге асырылады.
Әуе компаниясы жағдайды мұқият бақылап отырғанын және ұшу-қону уақыттарында өзгерістер болуы мүмкін болғандықтан, жолаушылардан рейстердің мәртебесін алдын ала тексеруді сұрайды.
Сонымен қатар, FlyArystan әуе компаниясы да қазіргі таңда Иранның әуе кеңістігіндегі жағдай 2026 жылғы 17 қаңтарға жоспарланған екі рейстің орындалуына әсер ететінін хабарлады. Атап айтқанда, бұл — Атырау – Доха және Ақтау – Дубай бағытындағы рейстер. Қазіргі уақытта аталған рейстерді Иранның әуе кеңістігін айналып өту арқылы орындау мүмкін нұсқалары қарастырылып жатыр.
FlyArystan жолаушыларға рейстердің өзекті мәртебесін ресми сайтта немесе мобильді қосымшада тексеруді ұсынады:
https://flyarystan.com/flight-status

