«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Сауат Мыңбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл атқарған жұмысы туралы есеп берді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Басқарма төрағасының айтуынша, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жүк айналымы өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға артқан. Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі біршама өскен. Соған сәйкес мемлекетаралық бекеттегі өткізу қабілетін арттыру шаралары қабылданады.
Сонымен қатар, Сауат Мыңбаев пандемияның жолаушылар тасымалына кері әсер еткенін атап өтті. Өткен жылмен салыстырғанда жолаушылар тасымалының көлемі екі есеге азайған. Соған қарамастан компания жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізіп, жолаушылар вагондарының паркін жаңартып жатыр.