CaspianLife, 18 қараша. Түнде жанармай құю бекетінде белгісіз ер адам кассирге пышақ көрсетіп, ақша талап еткен. Қолма-қол қаражатты алғаннан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Telegram-арна POLISIA.KZ хабарлағандай, құқық қорғау органдарының кәсіби әрі жедел әрекеттерінің нәтижесінде күдікті бір сағат ішінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындаған.

