CaspianLife, 19 қыркүйек. Атырауда өткен «Агрокөшбасшы — 2025» конкурсында Құрманғазы, Қызылқоға, Индер және Махамбет аграрлы-техникалық колледждері мен О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөзінің хабарлауынша, сайыс екі кезеңнен тұрды. Теориялық бөлімде қатысушылар тест тапсырып, топырақтың ылғалдылығы мен PH деңгейін анықтап, ауыл шаруашылығын дамытуға арналған жаңа технологиялар мен бизнес жобаларын қорғады. Ал практикалық кезең «Аяулым» шаруа қожалығының базасында өтті. Мұнда ағаш отырғызу, күзгі кесу және улау жұмыстары ұйымдастырылып, қатысушылардың кәсіби дағдылары сыналды.
Үздік атанғандарға колледж атынан арнайы сыйлықтар тапсырылып, алғыс хаттармен марапатталды.