CaspianLife, 21 шілде. Құстардың өлекселері 16 шілде күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары тарапынан №61-ші кварталдағы Шалыға аралында жүргізілген мониторингтік бақылау барысында анықталған.
«18 шілдеде Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының маманымен бірлесіп тексеру жүргізілді. Тексеру барысында құстардың өлекселері тіркелді. Қазіргі таңда құстардың қырылу себебі анықталуда», — делінген «Ақжайық» МТР хабарламасында.
Сондай-ақ хабарламада инспекторлардың ерекше қорғалатын табиғи аумақта күн сайынғы мониторингті жалғастырып жатқаны айтылған. Алайда қырылған құстардың нақты саны мен түрі әзірге белгісіз.