Caspianlife, 27 маусым. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті жанынан ашылған И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалы 2025–2026 оқу жылына 100 тегін білім грантына талапкерлерді қабылдайтынын хабарлады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, құжаттар келесі білім беру бағдарламалары бойынша қабылданады:
-
6В07208 – Мұнай-газ ісі. Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану (50 грант);
-
6В07207 – Мұнай-газ ісі. Мұнай-газ технологиялары (25 грант);
-
6В07209 – Мұнай-газ ісі. Кен орындарын геологиялық модельдеу (25 грант).
Қабылдау конкурстық негізде, математика мен орыс тілі пәндері бойынша жазбаша емтихан нәтижелері бойынша жүзеге асырылады (әр пәннен кемінде 40 балл жинау қажет). Емтихандар Атырау қаласында өтеді.
«Білім грантын алу конкурсына қатысу үшін ҰБТ сертификаты талап етілмейді. Сонымен қатар ақылы негізде оқуға да мүмкіндік бар. Оқу ақысының мөлшері бас оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешімімен белгіленеді», — делінген хабарламада.
Егер мемлекеттік грант арқылы тегін білім алып, Ресей мен Қазақстанның жетекші профессорларынан дәріс тыңдап, өндірістік компаниялармен байланыс орнатқысы келетін жастар болса, И.М.Губкин атындағы университеттің дипломын алу үшін келесі байланыс нөміріне хабарласуға болады:
📞 +7 775 391 83 94
📍 Атырау қаласы, Мұса Баймұханов көшесі, 45А.