CaspianLife, 16 сәуір. Астанада әскери парадқа дайындық пен оны өткізуге байланысты – рейс ұшып-қону уақытын нақтылап алыңыздар.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астана қаласында әскери авиацияның жаттығу ұшулары үшін әуе кеңістігін пайдалану уақытша шектеледі.
«Осыған байланысты жолаушылардан аталған шектеулерді сапар жоспарында ескеріп, рейстердің нақты мәртебесін әуекомпаниялар мен әуежайдың анықтама қызметтері арқылы нақтылап алуды сұраймыз», – делінген министрліктің хабарламасында.
Астана қаласының әуежайы мен әуекомпаниялардың анықтама нөмірлері:
Air Astana:
-
Алматы қ.: +7 (727) 244 44 77
-
Астана қ.: +7 (7172) 58 44 77
-
Қосымша: +7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77
SCAT:
+7 (7252) 99 88 80
Qazaq Air:
+7 (727) 356 14 14
FlyArystan:
+7 (727) 331 10 10, WhatsApp: +7 702 702 02 27
Астана әуежайы:
+7 (7172) 702–999