CaspianLife, 8 сәуір. Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің зауыты – «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-не (KPI) Еуропалық Одақ елшілері (Германия, Испания және Португалия) танысу сапарымен барды.
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, делегация кәсіпорынның өндірістік қуатымен және Қазақстандағы мұнай-химия саласының даму әлеуетімен танысты. Кездесу барысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының негізгі даму бағыттары, сондай-ақ KPI мен KUS кәсіпорындарының қазіргі және болашақ жобалары таныстырылды. Сонымен қатар бутадиен өндіру жобасы да ұсынылды.
«Бұл сапар халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен экономиканың стратегиялық маңызды салаларына шетелдік инвестиция тарту жолындағы маңызды қадам болды», – делінген хабарламада.