CaspianLife, 17 наурыз. Маңғыстау облысының прокуратурасы кешенді тексеру нәтижесінде «Buzachi Operating Ltd» компаниясының филиалы қызметінде өрескел заңбұзушылықтарды анықтады.
Маңғыстау облыстық прокуратурасының хабарлауынша, компания алты жыл бойы мұнай мен газды шығынға ұшырата отырып, жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізген, сондай-ақ көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз шикі газды жағуды жүзеге асырған.
«Прокурорлар қабылдаған шаралардың нәтижесінде сот шешімімен компания 8,4 млрд теңге көлемінде шығынды өтеуге міндеттелді. Апелляциялық саты алғашқы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді. Биылғы наурыз айының басында компания мемлекетке келтірілген шығынды толық өтеді», — деп мәлімдеді прокуратура.