CaspianLife, 23 ақпан. Бүгін FS 7375 рейсімен Астана – Ақтау бағыты бойынша ұшу кезінде ұшақтың жоғарғы жүк сөресінде жолаушының сөмкесі өртенді.
FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті бортсеріктер жедел сөндірген. Ұшақ бортында 182 жолаушы болған. Әуе кемесі ұшу әуежайына қайта оралып, қону штаттық режимде өтті.
«Оқиғаның барлық мән-жайы анықталған соң қосымша ақпарат беріледі. Рейс Астана уақыты бойынша 17:10-ға ауыстырылды. Барлық жолаушы билеттерін тегін қайта брондау немесе ақшасын қайтарып алу құқығына ие», – делінген хабарламада.
Бұған дейін әуе компаниясы портативті қуаттағыш құрылғыларды тасымалдау ережелері туралы ақпарат жариялаған: https://t.me/flyarystan_inform/406