Жыл басынан бері жасөспірімдердің хабар-ошарсыз кетуіне байланысты түсетін өтініштер жиілеген. Қалалық полиция басқармасына осындай 20 шақты хабарлама түсіпті.
Мұндай жағдайлар көбінде ата-аналардың немқұрайлылығынан болады. 102-ге қоңырау шалынғаннан кейін 3–8 жас аралығындағы балалар үш сағатта табылатын көрінеді. Ал одан үлкендері, яғни, 15–17 жастағылар ұзақ уақытқа, тіпті, өз еріктерімен кетіп қалатын көрінеді.
Осыған орай, биылдыққа ата-аналардың бала тәрбиелеудегі өз міндеттерін орындамағаны үшін 5 әкімшілік іс қозғалды. Полиция кәмелетке толмағандардың саған 23:00-ден кейін көшеде ересектердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынатынын еске салады.
Сейфолла ҚАЗИХАНОВ, Атырау қалалық ПБ бөлім бастығы:
– Атырау қаласының аумағында 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз жүрген 697 жасөспірім анықталды. Олардың 675-інің ата-анасына ескерту беріліп, 22 іс-құжат ҚР ӘҚБтК 442-бабы бойынша хаттама толтырылып, сотқа жолданды.