Атырау өңірінде онлайн сауда қызып тұр. Саудагерлер бұған карантин кезіндегі шектеулердің әсер еткенін айтады. Қалаған дүниесіне үйден шықпай-ақ қол жеткізіп үйренгендер қала ішінде ғана емес, ауыл-аймақтарда да көп. Мұндай белсенділікті өзіміз де күтпедік дейді Айдана.
Айзада ҮМБЕТОВА, әйелдерге арналған киім дүкенінің әкімшісі:
— Карантинннің арқасында онлайн сауда 2 есе, тіпті 3 есе көтерілді. Былайғы уақытта жеткізіп беру талабымен 5-6 адам алатын болса, қазір күніне орташа есеппен 20-30 адам алады.
Сондай-ақ, онлайн саудаға шағымданушылар да екі есеге көбейген. Мамандардың сөзінше, тауардың сапасына көңілі толмаған немесе тапсырысы уақытында келмеген тұрғындардың қарасы қалың.
Мырзахан ЕРҚАНОВ, Атырау облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы:
— Саудагердің жеке кәсіпкер ретіндегі куәлігі болмаса, жауапкершілікке тарту қиын болады. Өйткені, оны дәлелдеуге уақыт керек. Сондықтан жеке куәліктің болуын тексерген дұрыс.
Тапсырыс жасамастан бұрын дүкен иесінің жеке кәсіпкер ретіндегі куәлігін салық органдары сайтына салып тексеріп алуға болады. Сондай-ақ, саудагермен жазысқан хабарламалар мен түбіртекті жоймаған абзал.