CaspianLife, 18 желтоқсан. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеп, азаматтарға алаяқтар туралы ескерту жасады.
«Соңғы уақытта менің атымнан таныстарға да, таныс емес адамдарға да белгісіз тұлғалар дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Олар жасанды интеллектіні пайдаланып жатыр. Барлықтарыңыздан осындай хабарламаларды елемей, белгісіз нөмірлерді бұғаттауларыңызды сұраймын. Бұл алаяқтар, тым сенімді болмаңыздар. Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!» — деп жазды Айда Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында.