CaspianLife, 28 қараша. Атыраудағы «Асыл агро» базарында малшы болып жұмыс жасаған тағы бір адамның сібір жарасын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Атырау облыстық санитариялық-эпидемилогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратова мәлімдеді.
Науқас өзін жайсыз сезініп, дәрігерге барған кезде оның аталған аурудың терілік деген түрін жұқтырғаны белгілі болыпты. Пациент 26-қарашадан бері ауруханада жатыр.