CaspianLife, 25 қараша. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Ресейдің ашық акционерлік қоғамы (ААҚ) «Татнефть» Атырау облысындағы Қаратон Подсолевой учаскесінде тереңдігі 5500 метр болатын алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылауға кірісті.
«Қаратон Подсолевой учаскесінде алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылаудың басталуы — Қазақстанның ресурстық базасын нығайту үшін маңызды қадам. Бұл жоба қорларымызды ұлғайтуға және жер қойнауының күрделі учаскелерін игеруге бағытталған стратегиялық басымдықтарымызға деген берілгендігімізді көрсетеді. Біз «Татнефть» компаниясымен бірлескен күш-жігеріміздің нақты нәтижеге әкелетініне және елдің мұнай-газ әлеуетіне айтарлықтай үлес қосатынына сенімдіміз», — деп атап өтті А. Хасенов.
«Біздің компания Қазақстандық әріптестерімізбен әр түрлі бағыттар бойынша жұмыс істейді. Бүгінгі оқиға — біздің ынтымақтастығымыздың сәтті жалғасуының практикалық дәлелі. Қаратон Подсолевой учаскесінің үлкен әлеуеті бар, ол Қазақстан Үкіметінің жан-жақты қолдауымен жаңа табысты бірлескен жобалар үшін негіз бола алады», — деді «Татнефть» ААҚ бас директоры Наиль Маганов.
«Қаратон Подсолевой» жобасы Қазақстанның күрделі кен орындарының инвестициялық тартымдылығын айтарлықтай арттырған жетілдірілген үлгілік келісім-шарт шеңберінде жүзеге асырылуда. Бұл механизм жер қойнауының күрделі учаскелерін барлау және игеру үшін маңызды реттеуші және фискалдық преференцияларды қамтамасыз етеді.
Көмірсутектерді терең жататын қабаттардан іздеу жоғары техникалық қиындықтармен байланысты, оның ішінде үлкен тереңдік, мүмкін болатын жоғары пласттық қысым, сероводородтың болуы және тұзды шөгінділердің қалың қабаты.
Қаратон Подсолевой учаскесі Атырау облысында, Теңіз мұнай-газ кен орнына жақын және «Ембімұнайгаз» АҚ жұмыс істейтін кен орындарына жақын орналасқан.
Сурет: ҚазМұнайГаз сайтынан алынды