CaspianLife, 14 қараша. ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Теңіз мұнай кен орнына іс-сапармен барды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар барысында делегация негізгі өндірістік нысандарды, оның ішінде кешенді технологиялық желілерді, екінші, үшінші буын зауытын және біріктірілген өндіріс басқару орталығын аралап, жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ, “Болашақ” кеңейту жобасын іске асыру мақсатында мұнай өндіруді айтарлықтай арттыратын объектілерге ерекше назар аударды.
Бұдан кейін министр орынбасары мекеменің басшылығымен кеңес өткізіп, мұнай-газ өндірудің қазіргі жағдайы мен дамуын талқылады. Ол жылына 12 млн тонна мұнай өндіретін БКЖ нысандарының уақытында пайдалануға берудің маңызын атап өтті. Сонымен қатар, Қашаған кен орнындағы өндіріс кешендерімен танысты. Кездесуде компанияның мұнай өндіру деңгейі мен Болашақ зауытынан күкіртті шығару процесіне ерекше назар аударылды.