CaspianLife, 31 қазан. Маңғыстау облысында өлген итбалық саны көбейіп барады. Теңіз жағасынан табылған өлексе саны 289-ға жетті.
Мұндай ақпаратты Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері таратты. Олар «Гидробиология және экология институтының» өкілдерімен бірлесіп, Каспий теңізінің Түпқараған ауданы маңындағы жағалауына мониторинг жасаған еді. Мамандар күн сайын Каспий жағалауын тексеріп, теңіз суын бақылап жүрміз дйеді. Бұған дейін Баутино ауылының маңынан 151 итбалықтың өлексесі табылған еді.
«Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығының өкілдері» теңіз жағасында итбалықтан бөлек, су құстарының да өлексесі жатыр дейді.
-Қазіргі уақытта тек қана итбалықтың өлекселері табылды деп дабыл қағудамыз. Алайда, онымен қоса итбалықтармен қоса суда мекендейтін су құстары және бекіре тұқымдас балықтардың да өлекселері кездесіп жатыр. Атап айтатын болсақ, баклан құстары, шағала, қасқалдақ сосын гагар деген құстарды өз көзіммен көріп анықтадым. Олар әлсіз манағы итбалықтарды жағажайдан жеп жатыр. Сол жерден бір тірілей құсты біздер ветсанцияға бердік сынама алуға,-деді Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығының басшысы Данияр Әкімжанов.