CaspianLife, 18 қазан. 14 және 16 қазан күндері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы бар жеті Қазақстан азаматын ұстады.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің сайтында хабарланды. Ұсталған азаматтар тергеу үшін полиция органдарына тапсырылды. Сонымен қатар, жыл басынан бері шекарашылар 935 қос азаматтығы бар адамды анықтағаны атап өтілді. Шекара қызметі ҚР заңнамасына сәйкес екінші азаматтықтың болуы 200 МРП-ға дейін айыппұлмен немесе әкімшілік жолмен шығарумен жазалануын еске салады.