CaspianLife, 17 қазан. Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының шариғат және фәтуа бөлімінің 2025 жылға арналған діни күндер кестесі бекітілді.
Кесте Діни басқарманың ресми сайтында жарияланды. Хиджра айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеулер орталықтарының мәліметтеріне негізделген. Діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың шығуына байланысты бір күн бұрын немесе кейін ауыстырылуы мүмкін. 2025 жылға арналған алдын ала діни күндер кестесі мынадай:
26-27 қаңтар (16-17 Ережеп) түнінде — Миғраж түні
13-14 ақпан (14-15 Шағбан) түнінде — Бараат түні
1 наурыз (Рамазанның 1 күні) — Ораза басталады
26-27 наурыз (Рамазанның 26-27 күні) түнінде — Қадір түні
30 наурыз (Шәууал 1 күні) — Ораза Айт
5 маусым (Зұлхижжа 9 күні) — Арафа күні
6 маусым ( Зұлхижжа 10 күні) — Құрбан Айт, бірінші күн
7 маусым (Зұлхижжа 11 күні) — Кұрбан Айт, екінші күн
8 маусым (Зұлхижжа 12 күні) — Кұрбан Айт, үшінші күн
5 шілде (Мұхаррамның 10 күні) — Ашура күні
3-4 қыркүйек (Рабиғул әууәл 11-12 күні) түнінде — Мәуләт