CaspianLife, 2 шілде — Ақтауда балабақшада тамақты үнемдеуге қатысты ата-аналар шағымынан соң қоғамдық штаб құрылды. Мониторинг барысында балабақшада санитарлық норма да сақталмағаны анықталды, деп хабарлайды CaspianLife mangystaumedia.kz.-к сілтеме жасап.
-Ата- аналардың айтуы бойынша балалар бұрын балабақшаға барғысы келетін, бірақ мамандар ауысқаннан кейін балалар мазасыз, күнде ұрады деген әңгімені естиміз деп шырылдап отыр. Тамақ мәселесіне келетін болсақ жағдайға байланысты балабақша тәрбиешісі балалар менен тамақты сұрамады деп жауаптан қашып отыр. Одан бөлек ата-аналар білім бөлімінің неге мәселені толық қарамай отқанына таң қалды, — дейді мониторинг жүргізген штаб өкілдері.
Аталған мәселе толықтай қағаз бетіне түсіріліп, облыс әкімінің орынбасарына жеткізіледі. Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтаудағы N29 балабақшаның тәрбиешісі балаларға тамақты жеткіліксіз салған. Ата-аналар шағымданып, бейнежазба әлеуметтік желіге таралған болатын.