CaspianLife, 1 шілде — Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) «Тар жерлерді жою бағдарламасын» жүзеге асыруды былтыр сәтті аяқтады. Биыл компания басшылығы, жүк жөнелтушілердің барлық сұранысын толық қанағаттандырып, құбыр жүйесі арқылы 72,5 миллион тоннаға дейін мұнайды әлемдік нарыққа тасымалдауға мүмкіндік ашпақ. Қазір концорциум Теңіз кен орнынан және басқа өндіріс орындарынан келетін мұнайды қабылдауға дайын. Бұл туралы «Теңіз» және «Атырау» мұнай айдау стансасына жұмыс сапарымен келген КҚК бас директоры Николай Горбань мәлімдеді.
Тар жерлерді жою бағдарламасы
Николай Горбаньның айтуынша, компания «Тар жерлерді жою» бағдарламасы аясында инфрақұрылым объектілерін көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын аяқтап жатыр. Бұл жұмыстар жүйенің өнімділігі мен сапасына кері әсер етпейді. «Атырау» мұнай айдау станциясының кіреберісін бұрынғымен салыстырғанда, айтарлықтай айырмашылық бар. Жұмсалған 600 миллион теңгенің 250 миллионы Қазақстанға бағытталған. Негізгі жұмыс «Теңіз» мұнай айдау стансасында жүргізілді, мұнда екі жаңа резервуар салынды.
Әлеуметтік бағдарламалар және қайырымдылық жобалары
КҚК бас директоры Николай Горбань бағдарлама аясында бөлінген қаражаттың бір бөлігі Атырау облысындағы әлеуметтік бағдарламаларға және инфрақұрылымды дамытуға, білім беру және денсаулық сақтау салаларын қолдауға арналған қайырымдылық жобаларына жұмсалатынын атап өтті. Соның бірі — Атыраудағы 900 орындық мектептің құрылысы, ол аяқталуға жақын.
«Біз «Тар жерлерді жою» бағдарламасын бастағанда акционерлермен ақылдасып, бюджеттен қосымша қаржы бөлдірдік. Қазір 900 орындық мектептің құрылысын бітіріп жатырмыз. Бұған дейін Жастар Үйі мен балалар ауылының құрылысын да осы бағдарламаның арқасында жүргізген едік», — деді Горбань.
Қауіпсіздік және еңбек шарттары
ТЖЖБ объектілеріндегі жұмыс еңбекті, қоршаған ортаны қорғаудың және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын толық сақтай отырып жасалып жатыр. Компания үшін ең маңызды нәрсе – өндірістегі қауіпсіздік. Бірнеше жылдан бері консорциумға қарасты объектілерде жұмысшылар бірде-бір рет жарақат алмаған. Сонымен қатар, мекеме жұмысшыларға жақсы жағдай жасамақ ниетте ұжымдық еңбек шартын жасақтағалы отыр.
Сөз соңында компания басшысы төтенше жағдай кезінде «Атырау» МАС аумағында тұрғызылған бөгеттің бұзылмайтынын атап өтті.