CaspianLife, 29 мамыр — Атырау қаласының тұсында Жайық өзенінің деңгейі бір тәуліктен бері өзгеріссіз, 6 м болып тұр. Ал Жаңаталап пен Еркінқала ауылының тұсында су деңгейі 1 см-ге төмендеді. Индербор кентінің тұсында да 6 см-ге түсіп, 962 см-ді көрсетті.
Ал, Махамбет ауылында Жайық өзенінің деңгейі 2 см-ге төмендеген. Қазір мұндағы су деңгейі 10 м 18 см. Қиғаш-Шортанбай бекетінде де су деңгейі 1 см түсті.
Қиғаш-Бөкейхан бекетінде су деңгейі болса бес тәуліктен бері өзгеріссіз тұр. 29-мамыр Иреклі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберіліп жатыр.