CaspianLife, 29 сәуір — Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 29 сәуір сағат 8-дегі жағдай
Қиғаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты.
Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 340 см, тәулігіне + 7 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 211 см құрайды.
Қиғаш өзені – Котяевка ауылы су бекеті бойынша су деңгейі 211 см, тәулігіне көтерілу + 6 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 201 см құрайды.
⁃ Шароновка өзені –Ганюшкино ауылы су деңгейі 205 см, тәулігіне көтерілу +4 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 108 см құрайды.
29 сәуірде Еділ су электр станциясынан су ағызу 25 560 м3/с құрады.