Caspianlife, 26 сәуір — Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.
Су тасқыны кезінде Қызылқоға ауданы бойынша бірнеше бағыттағы жол бүлініп, көлік қатынасы қиындаған еді. 25 сәуір күнгі мәліметі бойынша, бүлінген екі көпір мен бірнеше автожол қалпына келтіріп, жол қатынасы ашылды.
Соркөл елді мекені — Қурайлы қыстағы,
Миялы — Сағыз ауылы,
Миялы — Жангелдин,
“Миялы — Жангелдин” ауылын жалғап тұрған “Кенен” көпірі,
Қоныстану ауылы мен Жасқайрат ауылына жалғап тұрған «Қоныстану» көпірі,
«Миялы-Жангелдин» арасындағы айналма жол,
Миялы ауылынан Жангелдин ауылына шығу бағытында 3 шақырым қашықтықтағы «Кенен» көпіріне дейінгі жол.