Атырау облысының Индер ауданында жергілікті тұрғындар жұма күндері әскери қызметшілер мен волонтерларға арнап бауырсақ, самса пісіріп жүр. Піскен тағам Жайық өзені бойында жағалау бекіту жұмыстарын жүргізіп жатқандарға таратылады.
Тұтастай алғанда, аудан бойынша тасқын суға қарсы дайындық жұмыстарына 520 мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары, сондай-ақ, 300 әскери қызметші тартылып, барлығы 460 мың құм салынған қап дайындалған.