CaspianLife, 31 қаңтар — Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіремін деп, сыбайлас жемқорлық дамыған 100 елдің ішінен бір-ақ шықты.
Transparency International ұйымының сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша еліміз 100-ден 39 балл жинап, 180 мемлекет арасында 92-ші орында тұр. Былтыр 101-орында болған едік. Transparency International сарапшылары бұған халықтың үлесі зор дейді.
Қазақстан Үндістан, Лесото және Тунис елдерімен бір қатарда. Индекс мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық деңгейін көрсетеді, ол сараптамалық деректер мен қоғамдық сауалнамалар негізінде құрастырылады.