CaspianLife, 3 қаңтар — Маңғыстау облысындағы «Қаракөл» көлінде өлген аққу саны 300-ге жуықтады, деп хабарлайды CaspianLife.
«Сыбырлақ» санатына жататын аққулар құс тұмауынан қырылып қалған дейді мамандар. Сынама алынған 132 өлексенің көзі жойылған. Ветеринарлар «Қарақия-Қаракөл» қорығында құстардың қырылуы сирек жағдай деп отыр. Инспекторлар Қаракөлде 5-6 мың бас аққудың қыстайтынын айтады. Қаракөл көлінің ең терең жері 1 метр. Ал жағалауы 20-30 сантиметрден аспайды. Құстардың қырылып жатқанына алаңдаған мамандар көлді де зерттеуге кіріскелі отыр.
«Аумақтық инспекциясымен өлекселердің арнайы сыналамары сараптамаға жолданған еді. Ол дегеніміз микробиология, вирусология ғылыми-өндірістік орталығының зертханасымен және ветеринария ұлттық орталығымен жасалған болатын. Сараптама нәтижесі құс тұмауына оң нәтиже көрсетті. Аталған жұмыстар ары қарай жалғасады. Департамент тарапынан тиісті шаралар алынып, жұмыс жүргізіледі»,-деді Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысының м.а Мағжан Ғалымов.