CaspianLife, 3 қаңтар — Жылыой ауданы, Соленый өзегінде балық қырылып жатыр, деп хабарлайды CaspianLife.
Қазір оқиға орнында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен экология департаментінің қызметкерлері мәселенің мән-жайын анықтау үшін жұмыс істеп жатыр.
Тексеру жұмыстары жүруде.
Балықтың қырылу себебі судың сынама нәтижесі шыққан соң хабарланады дейді мамандар.
Сонымен қатар ережеге сәйкес балықтарды кәдеге асыру үшін қайта өңдемек (утилизация).