CaspianLife, 1 қаңтар — Жаңа жыл қарсаңында өңірімізде 30 сәби дүниеге келген. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, 31 желтоқсан сағат 9.00-24.00 аралығында перинаталдық орталықта дүние есігін ашқан 30 сәбидің 14-і қыз, 16-сы ұл бала.
Ал 1 қаңтар күні 00.00-16.00 арлығында орталықта 5 сәби өмірге келсе, олардың 4-і ұл, 1-і қыз бала.
Сондай-ақ желтоқсанның 31-і күні сағат 15.20-да Атырау қаласында егіздер дүниеге келді.
Аудандар бойынша 1-қаңтарда Индер мен Құрманғазыда бір-бір сәбиден өмірге келген.
Қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсы, дәрігерлердің бақылауында.
Жаңа жыл қарсаңында облыс бойынша 52 бригада, қалада 32 бригада, 104 фельдшер мен 52 жүргізуші тәулік бойы медициналық қызмет көрсетті.