CaspianLife, 27 желтоқсан —
Ақтауда 2 ер адам блогер қызға шабуыл жасап, өлтірмек болған. Қазір зардап шеккен блогердің жағдайы – орташа ауыр, деп хабарлайды CaspianLife mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде ұрып-соғудың әсерінен ауыр халге түскенін айтқанын блогер жігіттерді жазалауды сұрайды.
«Мен Дүйсенова Несібелі Маратқызы қазіргі таңда облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінде орташа ауыр дәрежеде жатырмын. Маған қасақана өлтіру мақсатында шабуыл жасаған Т. Т. қамауға алып, 24-баппен іс қозғауыңызды талап етемін»,- делінген блогердің желідегі постында.
Оның айтуынша, жәбірлеушіге бұл жерден тірі шықпайтынын ескерткен. Қыздың өтінішіне құлақ аспай, зорлық әрекетін жалғастыра берген. Мойнын жіппен қылқындырып, басына секірген көрінеді.
Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-тің 73-бабымен 23 жастағы азаматқа әкімшілік хаттама жасақталған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция тергеу жүргізуде.