Атырау облыстық мәслихатынынң депутаттары әлеуметтік жағынан аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік апарып берді.
Олардың сөзінше, мұндай қайырымдылық іс-шарасы халық қалаулылары арасында дәстүрге айналған. Олар халық қалаулысы атанған 8 айдың ішінде осы тектес төрт іс-шара өткіздік дейді.
Көмек алғандардың бірі Зүлфия Саидова. Жалғызбасты келіншек пәтер жалдап, 3 баланы өсіріп отыр.
Қайырымдылық іс-шарасына депутаттардан өзге еріктілер де белсене қатысты. Ал оларға қаржы жағынан демеушілік жасаған — Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Хайруллиев.