CaspianLife, 14 қараша — Атыраулық келіншек «Аналарға көмек қолдау» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Сандуғаш Көкенованың заңсыздықпен айналысып жүргенін айтты. Оның сөзінше Көкенова әлеуметтік желідегі кейбір азаматтарға күйе жағып, қаралау үшін ұйымдағы көп балалы аналарды пайдаланады және сол үшін «материалдық көмек көрсетемін» деп уәде береді-мыс. Ал қарсы шыққан әйелдерге күш көрсетіп, ұялы телефондарын тартып алатын көрінеді. Көкенованың іс-әрекетіне ренішті әйел жергілікті полицияға арызданған. «Бірақ олар да бейжай», — дейді видео авторы.
Ақпарат EGOV.PRESS телеграм арнасынан алынды.