CaspianLife, 18 қазан — Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігі шығарылды, деп хабарлайды CaspianLife.
Кеше, 17 қазан күні, учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне қарай бағытталған автокөлік іздері барын хабарлаған. Атырау облысы ТЖД қызметкерлері көлікті өзеннен шығарып алды.
«Автокөлік ішінен 1971ж.т., 1981ж.т., екі ер адамның мүрдесі табылды. Дене жарақаттары жоқ. Бейнекамераларды қарау кезінде 16 қазан күні сағат 23:18 шамасында автокөліктің жоғары жылдамдықпен барып Жайық өзеніне батқаны анықталды. Қазір мүрделерге сот медициналық сараптамасы тағайындалды» -деді полиция қызметкерлері.