CaspianLife, 27 қыркүйек — Маңғыстау облысы Қарақия аудандық сотында алаяқтық жасаған полиция қызметкеріне қатысты (ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы) қылмыстық іс қаралды. Сотталушы учаскелік инспектор бола тұра, жәбірленушіні әкімшілік жауапкершілікке тартпаймын деп уәде беріп, одан алаяқтық жолмен одан 200 мың теңге көлемінде ақша алған, деп хабарлайды CaspianLife.
Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, оған параның 15 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни, 3 000 000 теңге айыппұл салу керектігін айтты.
Сотталушы және оның қорғаушысы соттан жәбірленушінің кешірім бергенін ескере отырып, айыппұл жазасын қолдануды сұрады.