CaspianLife, 25 қыркүйек — Каспий теңізінің Атырау облысы шегінде «Жаркөсе» учаскесі аймағында 22 қыркүйек күні 95 келіден астам заңсыз балық аулаған екі азамат ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife.
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, заңсыз балық аулаумен айналысқан екі азаматқа ҚР Қылмыстық Кодекстің 335 бап 3 тармағы 4 және 5 тармақшалары бойынша қылмыстық іс қозғалды.