CaspianLife, 21 қыркүйек — Исатай ауданында 100 келі бекіре балығын тасымалдаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife.
Атырау облысы ПД мәліметінше, 11 қыркүйек күні «Бекіре-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау-Астрахань тас жолындағы көліктерді тексеру барысында «Шкода Рапид» автокөлігі тоқтамай қашып кеткен. Кейін 30 жастағы жүргізуші Исатай ауданы Сарыөзек ауылының қара жолына көлікті тастап кеткені анықталды. Көлікті текеру барысында 4 қап, жалпы салмағы 100 келіге жуық бекіре тұқымдас балық тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.