CaspianLife, 5 қыркүйек — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы 1 ғана оқушы білім алған ауыл мектебі жабылды, деп хабарлайды CaspianLife.
Биыл Кенбай ауылында 1 ғана бала мектеп табалдырығын аттады. Қалғандары әлі мектеп жасына жетпеген. Тұрғындар білім ошағы әлі де жұмысын жалғастырады деп үмітттенгенімен жергілікті атқарушы билік жалғыз оқушысы бар мектепті қаржыландыру тиімсіз деп шешкен. Енді 3-ші сынып оқушысы білім алу үшін көрші ауылға қатынайды.
-Кенбай ауылындағы Жанұзақов мектебі облыс әкімінің шешімімен жабылды. Қазір мектеп ұжымына өтемақы төлеу жүргізілуде. Кейін мұғалімдері басқа жұмыс орындарына ауыстыру қарастырылады. Мектептегі жалғыз оқушы Жамансор ауылындағы мектепке орналасты. Ал білім ордасының ғимараты ауыл әкімдігінің балансына беріледі, -деді Атырау облысы білім басқармасының бөлім басшысы Айнагүл Жұмағазиева.