CaspianLife, 29 тамыз — Қазақстанда колледжге түскен студенттердің 75 пайызы тегін оқиды, деп хабарлайды Caspian Life ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл 190 мыңнан астам абитурент колледждерге оқуға түсті. Олардың 133 мыңы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыса, 10 мыңы кәсіпорындардың өтінімі бойынша білім алады.
Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға көбейген еді. Одан бөлек, 75 мың абитурент квоталық санат бойынша оқуға қабылданды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға қайта бағдарланды. Олардың қатарында геология, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика, медицина бағыттары қамтылған», — делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен бірге, студенттердің шәкіртақысы биыл 50 паыйзға, ал келер жылы 100 пайызға дейін артады.