CaspianLife, 25 тамыз — Жылыой ауданының полицейлері 1,5 тоннаға жуық балықты заңсыз сақтаған Құлсары қаласы тұрғынын анықтады, деп хабарлайды CaspianLife.
Патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқтату туралы заңды талабын орындамаған күдіктінің мекен-жайын тексеру кезінде 1401 кг балық табылған. Аталған дерек бойынша Құлсары қаласының 43 жастағы тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 613 бабының 1 бөлігімен тиісті әкімшілік хаттама жасақталды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 335 бабының 1-1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.