CaspianLife, 24 тамыз – Атырау облысы мәслихатының депутаттары «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 16 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдарын алып берді. Бұл шараға облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері де атсалысқан, деп хабарайды CaspianLife.
Жаңа оқу жылында әлеуметтік осал топтағы балалар оқу құралдары салынған сөмке және мектеп формаларымен қамтылды.
Сонымен қатар, балаларға «Еркемай» компаниясының 20000 теңгелік сертификаты табысталды. Бұл серификат арқылы олар аталған дүкеннен мектепке қажетті кез-келген өнімді ала алады. Өзгеше атап өтетін тағы бір сыйлық – Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығының кондитер қыздары балаларға өздері пісірген тәтті торттарын үлестірілді.
Әлеуметтік көмек алған балалардың дені №30 мектептің оқушылары.
Айта кетейік, республикалық «Мектепке жол» акциясы дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді. Бүгінгі сыйлықтар «Жалпыға міндетті білім беру» бағдарламасы аясында берілетін әлеуметтік көмекті алмаған балаларға берілді.