CaspianLife, 26 шілде —Атырау қаласындағы нысандардың 80%-на мүмкіндігі шектеулі жандар кіріп-шыға алмайды, деп хабарлайды CaspianLife. Мүгедектігі бар адамдардың әл-ауқатын жақсарту бағытында жұмыс істейтін «Біз де адамбыз» қоғамдық қор мүшелері осылай дейді. Олар «Кедергісіз Атырау» жобасы аясында облыс орталығындағы түрлі ғимараттың өздеріне қаншалықты қолжетімді екендігін анықтау мақсатында әлеуметтік мониторинг жүргізген екен. Нәтижесі көңіл көншітпепті. Мемлекеттік орган өкілдерімен кездесу кезінде өздеріне жағдайдың тек қағаз жүзінде жасалатындығын айтып, басшылардан көмек сұрады. Қор мүшелері инклюзивтілікті дамыту қажеттігін, әсіресе талапқа сай келмейтін пандусы бар нысан иелерін жауапқа тарту керектігі айтылды.
Фото: Dostupnaya-Strana.ru