CaspianLife, 5 сәуір —Атыраулық кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бірнеше есе аспандатқан, — деп хабарлайды caspianlife.kz
Бизнес иелері 1680 теңгелік сары сайды 2690, ал 45 теңге тұратын тұзды 75 теңгеге сатқан. Сүт пен тауық етінің құнын тіптен 60 % көтеріпті. Заңсыздықты әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия анықтады. Бас-аяғы 5 кәсіпкер жәй ғана ескертумен құтылған. Қазір тауар құнын 15 пайызға дейін түсіру бойынша жұмысты қолға алған көрінеді. Саудамен нәпақа тауып отырғандар ырыққа көнбесе 1 млн теңгеге дейін айыппұл төлейді. Айта кетейік, азық- түлік бағасын бақылайтын бұл комиссия өткен жылы құрылған. Құрамында 14 мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым өкілдері бар.