CaspianLife, 15 наурыз — Қазгидрометтің дерегінше, наурыздың 15-і мен 17-сі аралығында Ақтөбедегі өзеннің тасуына байланысты Қызылқоға ауданын су басуы мүмкін, деп хабарлайды Caspian Life.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар қажетті шараларды қолға алған.
ТЖД су тасқыны туралы ақпаратты сирена, радио және телевизиялық хабар тарату желісі арқылы хабарланатынын және тек ресми ақпарат көздеріне сені керектігін ескертті.
«Су тасқыны кезінде жақындарыңызға, көршілеріңізге, балаларға, әйелдерге, қарттар мен науқастарға көмек көрсетіңіз», — делінген департаменттің инстаграм желісіндегі ресми парақашасында.
Сондай-ақ, су тасқынына алдын ала дайындалуға кеңес беріледі:
- Барлық ірі және құнды заттарды шатырға апарыңыз немесе басқа қауіпсіз жерге қойыңыз.
- Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз, пештердегі отты сөндіріңіз.
- Жертөлелерден барлық азық-түлік қорларын алып тастаңыз.
- Терезелер мен есіктерді жабыңыз.
- Құжаттар мен бағалы заттар салынған сөмкені (рюкзак) қолжетімді жерге қойыңыз.
Су тасқыны, су басу қаупі анықталған барлық жағдайларда құтқару қызметтеріне — 101 және 112 телефондарына хабарласыңыз.