CaspianLife, 27 қаңтар — Жаңа буын мектебі. Баланың бойындағы қабілетін дамытып, жаңа қырын ашуға жұмыстану. Атырауда «Integity» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен форум өтті, деп хабарлайды CaspianLife.
Іс-шараның өтуіне «Теңізшевройл» ЖШС демеушілік етті. Форумда мектептердегі қазіргі өзгерістерді басқару, білім беру саласындағы маңызды трендтер секілді өзекті мәселелер талқыланды. Бұдан өзге форум қонақтары балалардың жұмыстары қойылған «Өзгелердің бізді тыңдағанын қалаймыз» деп аталатын көрмені тамашалады.
«Форумға алғаш рет тек ұстаздар, ата-аналар ғана емес, білім саласының сарапшылары, топ менеджмент өкілдері, басқарушылар шақырылды. Іс-шараның ерекшелігі де осы болар деп ойлаймын. Бәріміз бір-бірімізді мұқият тыңдап, ақырында бір ортақ шешімге келеміз деп ойлаймын. Бұл жерден балалардың энергетикасын сезіндік. Ең бастысы солардың талап-тілектерін де білдік, барлығы ескеріледі деген үміт бар» — деді Global Nomad Education негізін қалаушы Алмагүл Қанағатова.
Шақырылған спикерлер жаңа буын мектебіне қатысты өздерінің ойларын айтты. Ағылшын тілінің мұғалімі Ислам Қадыров сабағын ойын түрінде өткізеді. Ол осылайша балаларға білім беріп қана қоймай, тіл табысуға да тырысамын дейді. Бұл өз кезегінде оқушылардың білім алуға деген құштарлығын, қызығушылығын арттыратын көрінеді.
«Қазіргі таңда өзімнің сабағымды әлеуметтік желі арқылы көрсетіп жатырмын. Енді балалар тик ток әлеуметтік желісі арқылы қалай қабылдап жатыр, ата-аналар. Барлығы оң көзбен қабылдап жатыр. Жас буын мектебі қандай болуы қажет. Енді бұл жерде өз ойым бойынша ата -ана және мектеп және мұғалім – үштік одақ өте қарқынды жұмыс жасауы қажет.егер осы үштік одақ жақсы жұмыс жасаса, қоғамамыыздың алға жылжитынына сенімдімін» — деді ағылшын тілінің мұғалімі Ислам Қадыров.
Форум кезінде «Әлем картиналары» тұжырымдамасы бойынша фойеге баннер қойылып, қатысушылар «Жаңа буын мектебі» тақырыбында қолтаңбаларын қалдырды.