CaspianLife, 11 қаңтар — Қоғамдық орында біреуді балағаттағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері бірден 4 есеге өсті, деп хабарлайды CaspianLife.
Енді көшеде бейәдеп сөздерді айтқан тұлғаға 69 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Заң наурыз айынан бастап күшіне енбек.
«Осыған дейін 17 мың тг яғни 5 АЕК көлемінде айыппұл салынып және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынса, наурыздан бастап ұзақ бұзақылық үшін, оның ішінде жекенін қадір-қасиетіне нұқсан келітертін балағат сөздер айтқаны үшін 69 мың тг яғни, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша кез келген уақытта 102 операторына хабарласуға болады, өзінің учаскелік инспекторын шақыруға болады және кез келген құқық қорғау органына барып арыз-шағымын түсіре алады. Өзін қорғау үшін» — деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.
1 және 2 топ мүгедектері мен 14 жасқа дейінгі бала асырап отырған жалғызбасты тұрғындар біреуге бейәдеп сөз айтса, айыппұл төлейді, бірақ әкімшілік қамаққа алынбайды. 16 жасқа дейінгі балалар үшін ата-аналары жауап береді. Ал полицияға шағымданған жеке тұлғаның қолында дәлелдері болғаны жөн.
«Дәлел ретінде екі жақтың түсініктемесін алып, арыздарын алып, іс материалды тіркейді. Содан кейін дәлел ретінде куәлар қатысады. Болмаса, кей жағдайда видеожазбаға жасалады. Ол видеоға күнін уақытын көрсетіп, іске тіркеуді ұсынады. Осыларды қарай отырып, әкімшілік жаза қолданылады» — деді Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Самал Әбуғалиева.
Заңға енгізілген өзгертулерді қала тұрғындары да құптайды.Жыл басынан бері 3 адам құқық қорғау органдарына балағат сөз естідім деп шағымданыпты. Оның біреуі қазір қамауда отыр.