CaspianLife, 24 қараша — Әлеуметтік маңызы бар жаңа нысанның құрылысы 98-пайызға дайын. Ашылғаннан кейін қалалық емханаға түсетін жүктеме азайып, халық саулығын жақсартуға күш салынады.
Сонымен қатар бұл ғимаратта облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының бөлімшесі орналасады. Амбулатория соңғы үлгідегі құрылғылармен жарақтандырылады. Бұл тұрғындарға көрсететін қызмет сапасын арттыратыны сөзсіз.
«Нысанның жалпы аумағы 775,46 шаршы метрді құрайды. 1 қабатты ғимаратта құрылыс қарқынды. Қазір ішкі әрлеу мен сыртқы абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр», — дейді «Salem construction» ЖШС учаске басшысы.
Атырау облысы құрылыс басқармасының тапсырысымен салынып жатырған бұл нысанның құрылысы 2022 жылдың наурыз айында басталды. 2023 жылдың қаңтар айында тапсыру жоспарланған.