CaspianLife, 18 қараша — Атырауда жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт көлікке зақым келді.
Атырауда Баймұханов көшесінің бойында Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Жапондық машинаның руліндегі азамат қарсы бағытқа шығып, жолдың жиегіндегі электр бағанасына, кейін құрылыс ғимаратының қоршауына соғылып, жолақтан өтіп бара жатқан тұрғынды қаққан. Мұнымен қоймай тұрақта тұрған Hyundai Elantra және Ваз 2111 авткөліктеріне соққан. Ал Еlantra соққы екпінімен өз жолымен келе жатқан Volkswagen Passatпен түйіскен. Қазіргі кезде Toyota Camry мінген 31 жастағы жүргізушінің жеке басына қатысты ақпарат жинақталып жатыр. Және осы оқиғаға байланысты тергеу де басталды.